Бастапқы бет Топтық жаттығулар
Топтық жаттығулар

Күнделікті шаршау мен күйзелістен құтылып, жақсы көңіл-күйде жүргіңіз келе ме? Әдемі, үйлесімді дамыған және төзімді денені қалайсыз ба? Онда біздің фитнес-зал дәл сізге арналған. Бағдарламалардың әртүрлілігі, кәсіби нұсқаушылар командасы және барлық керекті құрылғылармен жабдықталған қазіргі заманға сай, жарық зал жаттығуға барынша қолайлы жағдай туғызады.

Топтық дайындықтар бұлшықет тонусының жақсаруына, артық салмақтың түсуіне, бұлшықеттердің төзімділігінің артуына, зат алмасу процесінің жүруіне көмектесіп, керемет көңіл-күй сыйлайды.

Клуб кестесінде әр түрлі талғамға сай жаттығулар бар.



Pilates

Бұлшықеттерді мұқият әрі байыппен жұмыс істетіп үйрету үшін баяу қарқынмен орындалатын динамикалық жаттығулар жүйесі. Әсіресе, омыртқаны түзету және дұрыс қалыпта ұстауға ерекше көңіл бөлінеді.

Бұл бағдарлама бұлшықет тепе-теңдігін жақсартуға, денені бақылап және қимыл-қозғалысты дамытуға арналған. Кез келген дайындық деңгейіндегі әйелдер мен ер адамдарға ұсынылады.

Ұзақтығы – 50 минут

 

Belly Dance

Шығыс билері әдемі, сымбатты дене қалыптастырады. Бидің элементтерін кезекпен қолдану денені иілгіш, ал бұлшықеттер мен буындарды қозғалғыш етеді. Тері серпімді әрі әдемі болады.

Іш биі бүкіл ағзаны, соның ішінде  әсіресе, іш бұлшықеттерін еселеп жұмыс істеуге мәжбүрлейді. 2-3 ай дайындықтан кейін гинекологиялық аурулары бар әйелдердің жағдайлары едәуір жақсарып, етеккір циклі қалпына келеді. Омыртқаңыз иілгіш болып, сіз ешқашан «тұз жиналу» деген не екенін білмейтін боласыз. Мүсініңіз өзгереді, бүкіреюді қоясыз, қимыл-қозғалысыңыздың бекзаттығы, кербездігі пайда болады.

Жамбасыңызды дұрыс қозғалту үшін сабақтарда белге байлайтын тиыннан жасалған орамалдар беріледі.

Ұзақтығы – 55 минут

 

Go-Go

Бұл еркін, суырыпсалма би – Хаус, хип-хоп, rnb, т.б әр түрлі би бағыттарын біріктірген клубтық би стилі. Go-go girls бұл – өздерінің әдемі, әсерлі, тартымды, керемет қозғалыстарымен би алаңындағы адамдарды орындарынан қозғалтатын қыздар.

 

ABS (abdominals)

Құрсақ бұлшықеттерін жұмыс істетуге бағытталған жаттығулар жүйесінен тұратын класс. Кез келген дайындық деңгейіндегі адамдарға арналған.

Ұзақтығы – 30 минут

 

LB( Lower body)

Күш құрылғысын пайдаланып аяқ бұлшықеттерін жұмыс істетуге бағытталған жаттығулар жүйесінен тұратын класс. Кез келген дайындық деңгейіндегі адамдарға арналған.

Ұзақтығы – 30 минут

 

Step (beginners)

Бұл – степ аэробикасының негізгі қадамдарын еркін меңгертіп, оларды түрлі тәсілдермен бірге біріктіруді үйрететін класс түрі. Степ-платформаны пайдаланатын бағдарлама. Кез келген дайындық деңгейіндегі адамдарға арналған.

Ұзақтығы – 55 минут

 

Yoga

Белгілі бір жүйеге, бірізділікке сүйенбейтін нақты жаттығулар жүйесі. Негізгі мақсаты: тән мен жанның және қоршаған ортаның арасындағы тепе-теңдікті табу. Жаттығулар хатканың негізі болып табылады.

Ұзақтығы – 55 минут

 
Яндекс.Метрика